Аңыздар ✍️

  24.08.2021
  136


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жорға аю (І нұсқа)

Таудың тарлан тағысы аю бірде баласын ертіп етекке түседі. Етекте күркіреп ағып жатқан ақ жал толқынды өзен бар екен. Аюдың қонжығы өзен ағысын қызықтап жарқабақтан қарап тұрғанда құлап кетіпті. Арыны қатты тау суы қорбаңдаған қонжықты жаңқа құрлы көрмей, қақпақылдап ала жөнеледі.


Көз алдында ақ көбікпен араласып, бір батып, бір шығып ағып бара жатқан баласын қимай аю жанталасады. Құтқаратын дәрмені жоқ, су ішінде қараңдаған баласынан көз алмай жар жағалап жүгіре береді. Бауырын бұтақ жырып, табанын тас тіледі. Бірақ баласына деген аналық сезімі сүлдерін сүйрелеп, қонжығынан қалыспай жүгіре береді.


Осы бір жағдайды көзі көрген күйші домбыра мен сыбызғыға күй етіп салған екен.


Мынау сондағы аюдың жорғалай балпаңдап жүгіргендегісі екен дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу