24.08.2021
  257


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жиренше (Сегізінші әңгімесі)

Жиренше жарықтықтың бір әйелі және бір жыртық жаман қосынан басқа ешбір нәрсесі болмапты дейді. Жиренше бір жерге жолаушы кетіп, қайтып келсе, әйелі дүниеден қайтқан екен дейді. Сонан Жиреншеге әйелің дүниеден қайтыпты деп айтуға қия алмай, хан өзі жайлап білгізейін деп айтыпты дейді:


— А, Жиреншем, анаң өлсе қайтер едің? — депті. Жиренше айтыпты:


— Анаң өлсе, кемең су алды десейші, — депті.


— А, атаң өлсе қайтер едің? — депті. Жиренше айтыпты:


— Атаң өлсе, қараң суалды десейші, — депті.


— А, ағаң өлсе қайтер едің? — депті. Жиренше айтыпты:


— Ағаң өлсе, жағаң жыртылды деп айтсайшы, — депті.


— А, әйелің өлсе қайтер едің? — депті. Жиренше айтыпты:


— Әйелің өлсе, қамшының сабы сынды десейші, — депті.


Ханның бұ сөздерінен Жиренше әйелінің дүниеден қайтқанын біліпті дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу