Аңыздар ✍️

  24.08.2021
  199


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жанғара күйші

Бір күні мастанған бай атақты Жанғара күйшіні шақырып алып:


— Менің кіші тоқалымды күйіңмен ұйытып, ісінен жаңылдырсаң, астыңа ат мінгіземін, жетегіңе түйе беремін. Бұл шартымды орындай алмасаң, бұдан былай домбыраны қолыңа ұстауды қоясың, — дейді.


— Мақұл, — дейді күйші.


— Ендеше, қазір ол үйге келіп қамыр илейді. Сол кезде күйіңді бастайсың.

Сөйтіп, келіншек қамыр илеуге кірісе бергенде, Жаңғара да бір күйді тарта жөнеледі. Бір күйден соң екінші күйге басады. Бір кезде күйге ұйыған келіншектің қолы керсеннен шығып кетіп, жер сипап отырғанын байқайды. Қараса, байдың қабағы түсіп кетіпті. Жаңғара домбыраны қасына сүйеп қойып:


— Байеке, енді кезек сіздікі, — дейді.


Бай лажсыздан орнынан тұрып, әлгі айтқан уәдесін орындау үшін, етегін бір қағып, тысқа шығып кетеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу