Аңыздар ✍️

  24.08.2021
  112


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ескелдінің ер атануы

Абылай ханның арындап тұрған кезінде Қаратал өзені бойындағы Үштөбе деген жерде қалмақпен бір қатты шайқас болып, қалмақтың аса зор Далаңқор деген батыры ортаға шығып, «жекпе-жек» деп айғай салыпты. Жұрт бөгеліңкіреп тұрғанда, бұған қарсы атойлап Ескелді жетіп барыпты. Бірін-бірі ала алмай көп шайқасып, ақырында қалмақ батырының қапысын тауып, Ескелді батыр оны атынан аударып, басын кесіп, айдарынан ұстап ханның алдына алып келіпті. Бұдан кейін Ескелді нің бастаған сарбаздары лап қойыпты. Мұны көріп қалмақтар дүрліге қашыпты. Осыдан былай Ескелді ер атаныпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу