24.08.2021
  133


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ендігары елді алдайсың ба?

Шерік шайын тайыншаға, жарты матасын қойға сатып, момындарды зарлатқан бір қу саудагер болыпты. Саудагер келе жатыр дегенді естіген Серікбай қиын асудағы тар жолдан тырдай жалаңаштанып әлгі саудагерді тосып отырыпты.


Астындағы екі қоржынға серейте салған мата, шай-шалаңы бар саудагер қас қарая осы жерге жатып келгенде, Серікбай тап беріпті. Тырдай жалаңаш «кісі киікті» көрген саудагер, тар жолда бұрыла қашуға үлгере алмай сасқанынан аттан түсе қашыпты. Тұра қуған Серікбай жетерге таяғанда саудагер ішігін тастай жөнеліпті. Ішікті іліп ұмтылған Серікбай қуып жетіп, саудагерге ішікті жаба салып үстіне қарғып мініп алып
текеше бақылдапты. Шошыған саудагер иманын айтып «жанымды қи» деп жалына бастапты. Сонда Серікбай:


— Мен сайтанның текесімін, ендігары елді алдайсың ба? Менің кәсібіме таласасың ба? — деп ішіктің сыртынан төмпештепті. Саудагердің тәубесі есіне түсті-ау деген мезгілде өз жөніне кетіпті. Содан бастап саудагер сайтанның текесі ұрады деп осы өңірге аттап баспайтын болыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу