24.08.2021
  151


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Едіге батыр туралы

Екі шаруа жігіт Нарын құмын мекен еткен. Бәйгеге ат жаратып, аңға ит жүгірткен сал-сері болса керек.


Бір күні алты айшылық жол жүріп, бір қыранның балапанын әкеледі. оны баптап, өсіре бастайды. Құсын аңға салып, қызығын көреді. Қыран құс аңды қаққыш болады. Оны естіген хан қыранды қалап, кісі жібереді. Бірақ иесі бермейді. Бұған ашуланған хан жігіттің соңына түсіп, ұрлық істеді деген жаламен Сібірге жер аударады. Осы кезде екеуінің де ұл баласы болады. Бір ұлдың аты Едіге, Едігенің әкесі Сібірге аттанар алдында досына былай дейді: «Мен жолдағы жалғыз терекке баламды байлап кетемін, сол жерден шешіп аласың, саған аманат!»—деп жүріп кеткен.


Межелі жерден досы баланы әкеліп, өз баласындай етіп өсіреді. Хан сарайындағы балгер бал ашып, ханға былай деген: «Ажалың биылғы туған балалардың бірінен болады».


Досы Едігені алып қалып, өзінің баласын ханға береді. Хан жинап алған балалардың бәрін де найзаның ұшына алады.


Күндер жылжып жатты. Едіге он алты жасқа толды. Өз қатарының күштісі болды. Бір күні оны хан сарайының қызметіне алады. Едіге хан сарайында жүргенде ханмен қырғиқабақ болып, шекісіп қалып жүреді. Бірде балгер тағы да бал ашып, «хан ажалын» осындағы жаңа қызметке келген баладан көреді. Хан Едігені өлтірудің амалын ойлайды. Хан бәйбішесі айранға у қосып, Едігеге береді. Айранды Едіге ішпейді. Ішіндегі қастандықтың дәмін сезеді. Айранды ыдысымен бірге төрт бөліп, сосын араластырып, қайтарып береді. Бәйбіше шошып, тез арада ханға хабар беріп, тұтқын дауын сұрайды.


Айранды төртке қақ ортадан бөлгені—«енді бұлай істесеңдер, төртке бөлемін. Араластырып жібергені ала топалаңын шығарамын» дегені екен. Жас құстың әлегінен елінен, жерінен айрылған жігіт (Едігенің әкесі) сол жерге «Жасқұс» деген ат қояды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу