24.08.2021
  276


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Дәмді мантылар

Әпенді базарда дүкен ашып, манты сатады. Ісі оңға баспай, пайда да түспейді. Тіпті Әпенді салықты да уақтылы төлей алмай, әкімдер келіп, әй-шай жоқ дүкенді жауып тастапты. Айыпты төлеп біткенше, жарты жыл өтеді.


— Бүгіннен бастап сауда жасауға рұқсат етеміз. Соның құрметіне бізге жақсылап манты жасап бер! — дейді әкімдер келіп.


Дүкенді ашып, ішке кірген Әпенді алты ай бұрын дайындалған мантысы бар қазанның астына от жағады. Мантыны тосып әкімдер отыр. Қазандағы су қайнай салысымен Әпенді мантыны шақырылмаған қонақтарға береді. Ары-бері шайнап бет-аузын тыржыңдатқан олар:


— Ей, қымбаттым, мантың піспеген бе, немене? — дейді.


— Ғафу етіңіз, — депті сонда Әпенді. — Ошақтың үстінде жарты жыл бойы тұрған мантының піспеуі мүмкін емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу