Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  109


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бұлбұл Айша (IІ нұсқа)

Жайық бойында отыратын дәулеті шалқып, ырысы артқан Байғұмар деген кісінің домбыра шертіп, күй шығарып аты шыққан ақылы мен сымбаты сәйкескен Айша деген өзі зерек, өзі сұлу қызы болған екен.


Айшаның атын естіген күйші Сейітбек деген жігіт оны іздеп барып, қызбен өнер сынасып көңіл береді, бірақ Байғұмар қолында қу домбырасынан басқа ештеңесі жоқ Сейітбекті жақтырмайды. Бұл қорлықпен өртенген Сейітбек қос ішектен мың түрлі құбылтып сайраған бұлбұлдың әуенін шығарып, «Бұлбұл Айша» деп атап күй шерткен екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу