23.08.2021
  119


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бір құмыра алтын

Қожанасыр әпенді жер жыртып жүріп алтын толған құмыра тауып алады. Шариғаттың заңы бойынша, тауып алған көмбенің жартысын әмірдің қазынасына беру үшін апару керек. Құмыраны алып Әпенді таза киім кию үшін үйіне барады. Әпенді шапанын киіп, шалмасын орағанша, әйелі құмыраны көріп, алтынды төгеді де, орнына тас салып қояды. Ештеңені байқамаған Әпенді құмыраны алып қазыға барады.



— Таразың қайда, тақсыр? — деп аптыға сөйледі Әпенді, — қақ жартысынан бөліп алайық!


Қуанып кеткен қазы таразыны алдырып, тастарды табаққа өзі қоюға кіріседі.


— Төгіңіз! — дейді ол Әпендіге.


Таразыға сауылдап ұсақ тас төгіледі.


— Мынауың не? — деп қазы қаһарлана қалады.


Әпенді пәле әйелден келген шығар дейді де:


— Ештеңе етпейді, тақсыр, өлшеңіз! Маған әртүрлі салмақтың өлшемі керек еді, мына тастардың салмағын сізден білейін деп едім, — деген екен.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу