23.08.2021
  161


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бір жігіттің көршілес елден қыз алып қашуы

Әлке ауылының бір жігіті көршілес елден қыз алып қашады. Қыз иелері ашулы түрде жігіттің ауылына келіп: «Қызымызды беріңдер, әйтпесе оның орнына сендерден екі-үш қыз аламыз», — деп қоқай көрсетеді.


Бұл кез диханшылардың егін жинап жатқан кезі еді. Қыздарын қорғаштағандардың бірі Әлке ақсақал екі қап бидайды қатар қояды да, оның арасына қызын жатқызып, үстін бір қап бидаймен бүркейді. Бір мезгілде қаптар құлап кетіп, қызды басып қалады. «Әке, өлдім!» деген қыздың ащы дауысы шығады. Қаптарды көтеріп, қызын тұрғызып алу орнына Әлке отағасы: «Тәйт, малғұн, бақырма! Қыз іздеп жүрген жігіттердің қолына түссең, бұдан жаман бақырасың!» — деп ұрсады қызына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу