Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  120


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бес төре (ІI нұсқа)

Тәттімбет Омбыға барған сапарында Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шорманов, Ыбырай Жайықбаев, тағы басқа бірталай би, төрелермен сапарлас болады. Кейбір шонжарлардың жол-жөнекей елді қатты шығынға ұшыратып, қыспаққа алған озбырлық, зомбылығына төзбей «Бес төре» күйін шығарыпты. Іштен тынып жүрген күй ші бір ауылда мәжіліс құрып отырған азулы төрелер арасында тыңнан бір күй тартады. Бұл күйдің жайын сұрағандарға:


Күйдің аты «Бес төре»,
Бесеуі де мес төре,
Санаң болса кеудеңде
Жұмбағымды шеш, төре.
Өз еліне қасқырдай,
Неге мұнша өш төре?—


деп жауап берген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу