Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  93


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Балжыңгер (ІІ нұсқа)

Кезінде байлығы басынан асқан бір мұңғұл болыпты. Оның жүйрік желмаясы, ісімер бір қызы болыпты. Атқұмар мұңғұл байы сол өңірде Балжың дегенде бір жүйрік ат бар дегенді естиді. Осы атты қолыма түсірсем деп ойлаған бай, Балжыңды шақыртып алып, Желмая мен кер атты үш күндік жолға бәйгеге қосады. Бәйге келгенше әлгі қызына бір кісілік киімді тігіп үлгертпек болады. Егер қыз киімді бітіре алмаса, бәйгеден желмая келмей, кер ат келсе, бай Балжыңға қызын бермек, ал желмая озып, қыз киімді үлгертіп кетсе, кер атты бай алмақ болып
келіседі. Келісімнен кейін жарыс басталып кетеді.


Сонымен, «бәйге келеді» дегенде хабаршы байға кер аттың келе жатқанын, желмаяның жолда шөгіп қалғанын жеткізеді. Ендігі сенімін қызынан күткен бай бәйге жетісімен киімнің бір түймесі қалғанын естіп сасқалақтайды. Сонда Балжың өзінің ұтқанына көзі жетіп:


— Менің атым Балжың кер,
Білмеген адам қалжың дер.
Түйме бауы бітпепті,
Былжырамай қызыңды бер, — деп айғайлап шыға келеді. Ақыр көп болып байдың күш көрсеткеніне қаратпай, Балжыңға байдың қызын алып берген екен. Осы кер аттың ерекшелігін сол кездегі аралас отыратын мұңғұл-қазақ ішін дегі Байжігіт күй етіп шерткен екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу