23.08.2021
  1038


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Баланың билігі

Кіші жүздің Жарабай деген жуан тұқымы қыпшақтың бір адамын өлтіріп, теңдік бермейді. Бір жолы қыпшақтың талапкерлеріне ілесіп жас бала барады.


Сонда Жарасбайдың даугері:


— Бұл келіннің тойы, кемпірдің өлімі емес, ердің құнын, нардың пұлын даулайтын, ердің арын, елдің намысын қозғайтын үлгілі би, үнемі жүйрік түсетін жер емес пе? Түйенің тайлағы баланың ойнағандай мыналарың кім? — дейді.


Сонда бала:


— «Ердің құнын жастың жайсаңы, кәрінің шайтаны даулайды» деуші еді. Сен кәрінің шайтаны болсаң, мен жастың жайсаңымын. Төріңнен көрің жуық қалғанда, дауға араласатын сенің не жөнің бар? — дейді. Осындай билік айтқан баланың аты — Төле екен. Кейін Төле би атаныпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу