Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  99


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бал бұрауың

Ертеде Маңғыстау түбегінде бір байдың Балбике деген әйелі болыпты. Балбике — әрі ақылды, әрі ел-жұртына беделді болған екен. Бірақ ол бала көтермей, бай Балбикенің үстіне жас әйел алыпты. Екінші әйелден бір бала болып, байдың көңілі жас әйелі мен балаға ауады. Баланың жоқтығы Балбикенің жанына қатты батады. Ол қамығып, қайғырып домбырасын алып күй тартып өзін-өзі жұбатады.


Бір күні ауылда той болып, тойда Балбике домбыра тартады. Ол тартқан күйлерді халық құмарта тыңдайды. Әсіресе, Балбикенің соңғы тартқан күйіндегі мұңды сазды сезген бір қарт:


— Е, шырағым-ай! Он саусақтан шыққан екі шекті бал бұрауың, болып тұр ғой сайраған мұңды жырауың, — деп күрсініпті. Сол жерде отырған басқа тыңдаушылар да:


— Я, бұл жәй бұрау емес, бал бұраудан шыққан зарлы күй болды, — десіпті. Сөйтіп, Балбике тартқан осы күй ел арасында «Бал бұрауың» аталып кетіпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу