Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  184


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әуппай (І нұсқа)

Арқадан іздеп келген ақсақ қыздан Қорқыт бір перзент көріпті дейді. Бірақ күндіз-түні ажалды аластап, қобызын сарнатқан Қорқыт баласы мен зайыбына көңіл бөле алмайды. Ал баласы мен зайыбы Сырдың жағасында өмірлерін өткеріп, Қорқыттың тілеуін тілеумен болады.


Содан бала есейе бастағанда апасының бағып-қағып, алдандырғанын місе тұтпай, қобыз тартып отырған әкесіне талпынуды шығарады. Уыздай білегін созып, бұлқына ұмтылып, неше түрлі қылық көрсете бастайды. Бұған Қорқыттың да жүрегі елжіреп, бауыры аяғының басына түскендей күй кешеді. Бірақ, амал жоқ, қобызын тоқтатып, жағалауға шықса, ажал тұзағына ілігетінін біледі. Сонда Қорқыт баласына телміре қарап, көзі көріп тұрса да, еміреніп иіскей алмай, бауырына қысып, мауқын баса алмай мұңаяды. Мұңая отырып, баласын алдандыра жұбататын «Әуппай-әуппай» деген күй тартады.


Осы көріністің куәсіндей болып, ұрпақ есінде «Әуппай» күйі сақталған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу