23.08.2021
  287


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әрине, әрине

... Тағы бірде Айдаш көрші ауылға мал ұрлауға келеді. Елдің алды жатып, арты ояу екен. Бұл жолы да қапысын тауып, ұстап алады. Ұрып-соғып, байлайын деп жатып, тағы да:


— Кім жіберді? Қай ауыл? Аты-жөнің кім? — деп сұрайды.


Не сұраса да әлгі ұры «әрине, әрине» дей беріпті. «Кім жіберді» десе «әрине», «атың кім?» десе «әрине» дейтін көрінеді.


Ауыл адамдары:


— Қой, құрысын, қараң өшкір. Әдейі ауылы «малды алса алар, алмаса ұсталар» деп тентегін жіберген ғой. Мұны қайтеміз, — деп босатып жібереді. Босанып атына мініп, сәл ұзаған соң Айдаш:


— «Малға келген ұры едік, «әринемен» құтылдық», — депті.


Ауыл адамдары санын бір-ақ соғыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу