23.08.2021
  144


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әкелі-балалы кісілер

Бір күні Қожа мен жолдасы екеуі базарды аралап келе жатып, қызыл шеке болып, төбелесіп қалған екі адамды көреді.


Жолдасы Қожаға:


— Жүр, мыналарды арашалайық, — дейді.


Қожалар жақындай бергенде, төбелес басылып қалады.


Төбелесіп жүргеннің біреуі:


— Мен бұған дейін білмей жүріппін, сен нағыз салпаң құлақ есек екенсің ғой, — депті.


— Мен есек болсам, сен қодықсың, — дейді екіншісі.


Сонда Қожа жолдасын тоқтатып:


— Жүр, аулақ кетейік, жанжалдасып жүрген әкелі-балалы кісілер екен, арашашының қажеті бола қоймас, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу