23.08.2021
  209


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әзілбайдың сараң досы

Әзілбайдың қалада тұратын бір тамыры болыпты. Бұлардың таныстығы оның ауылына келуінен басталса керек.

Әзілбай аузы қандай ашық болса, қолы да сондай ашық жан болғандықтан, оның үстіне «жақсы лепес, жарым ырыс» дегендей тамырының жайлы сөзіне риза болған Әзілбай қолда бар мәзірімен күтіп жолға салыпты. Бірақ қалаға барған екі жолында да Әзілбай тамырының сиын көре алмапты.


Жолы болып үшінші рет қалаға түскен жолы да Әзілбай соның үйіне түсіпті. Күннің ыстығы мен оған қосыла жолдың шалғайлығы Әзілбайды шөлдетіп жіберген екен. Әзілбай есенді де келте қайырып, кеберсіген ернін жаланып қойып сусаған сыңай байқатыпты.


Бірақ ананы бір, мынаны бір сөзге айналдырған тамыры оған қозғала қоймапты. Мұның нақ «шығайбайдың» өзі екеніне көзі жеткен Әзілбай орнынан көтеріліп жүре беріпті.


— Қайда барасың? — дегеннің орнына әлгі тамыры да Әзілбайға ілесіп үйден ере шығыпты. Тамырының үлкен қақпаның алдына шығара шығып «асқа қарамадың», «қонып кетпедің» деген сияқты сөздерін қайталай естігісі келмеген Әзілбай:


— Сыртқа шықпай-ақ қой, қақпаның алдында айтарыңды осы жерде-ақ айтып ал, — депті оны етегінен тартып тоқтатып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу