23.08.2021
  116


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Амал

Жаздың бір күнінде Қожанасыр мешітке келіп, намаз оқып болған соң, кебісін басына жастанып, көз іліп алмақ болыпты.


Көріп, аңдып тұрған бір ұры Қожанасырдың кебісін жымқырып кетеді. Қожанасыр оянса, кебісі жоқ. Ұры пәлені қалай ұстаудың амалын ойлайды. Ол енді бар киімін шешіп басына жастанады да, өтірік ұйықтаған болып, көзін жұмады. Ұры келсе, ұстап алып, кебісті де таптырып алармын дейді. Бірақ өкінішке орай, басы жастыққа тиюі мұң екен, тағы да қор етіп ұйқыға кетеді. Ұрыға да керегі осы бүкіл киімдерін сыпырып кетеді. Қожа осылайша бар киімінен айырылған екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу