Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  85


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Алшаң қоңыр

Базарқұл Байынқара деген кісі болыпты. Ол киімді тым сәндеп киетін сәнқой, атты таңдап, баптап мінетін мырза екен.


Бір жолы бір ауылда үлкен той болып, тойдың дыр-думанын анадайдағы дөң басына шығып, тамашалап тұрған ел ағалары, топ арасынан өзімен аты құп жарасқан, атқа отырысы мен дене бітімі келіскен бір жігітке таңырқасып қалады. Бұлардың өзін сөз қып тұрғанын аңғармаған әлгі жігіт қоңыр атты алшаң бастырып көлденеңдей өте берген екен. Мәми Бейсі қасындағыларға:


— Әке-ау, керейден де мұндай келісті азамат, осындай әдемі ат шығады екен-ау?! — депті.


Мұны өз құлағымен естіп Бейсімен бірге таңырқаған бір күйші, әлгі жігіттің қоңыр атының алшаңдай басқан әсем жүрісіне «Алшаң қоңыр» деген күй арнаған екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу