23.08.2021
  177


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Алкеуде жігіт

Екі ауыл жерге таласып төбелесіп, бір жақтың жігіттері таяқ жеп қайтса керек, таяқ жеген ауылда бір алкеуделеу жігіт бар екен, ол төбелеске қатынаса алмай қалыпты да, жеңіліп қайтқан жігіттерге:


— Бір жақсы ат мініп мен барған болсам, жалғыз өзім-ақ бәрін жайпап қайтар едім, — депті. Таяқ жеген жігіттер:


— Ал мықты болсаң, — деп әлгіні бір жақсы атқа мінгізіп, қолына шоқпар беріп қоя беріпті. Аз-кем уақыттан кейін әлгі жігіт бет-аузын қан жайып қайтып келіпті. Алдынан шыққандар:


— Не болды, батыреке? — деп шошына сұрағанда, алкеуде жігіт:


— Ой, енеңді ұрайын, ана ауылдың төбелесінде тәртіп жоқ екен, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу