Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  113


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақсақ құла (І нұсқа)

Ертеде біреудің құла тұлпары болыпты. Сол тұлпардың тұқымын көбейтемін деп, тұлпардың қасына бие қосып, екеуін теңіздің ортасындағы адам жүрмейтін аралға апарып тастапты. Тұлпар қасқырға да, адамға да алдырмайды екен.


Арада біраз жылдар өтіп, тұлпардың тұяғы көбейіп, бір үйір жылқыға жетеді. Осы тұлпардың аралда деген хабарын естіген ұрылар Құланы үйірімен алып кетпекші болып аралға барады. Әуелден мінезі тентек, оның үстіне көп жылдан бері адам көрмей жатырқап қалған тұлпар ұрыларды көре сала шабуылға шығады. Алдына келгенін тістеп, артына келгенін теуіп, ұрыларды жолатпайды. Айғырмен арпалысып, әбден шаршаған ұрылар алдырмайтынына көздері жетіп, тұлпарды амалсыздан садақпен атады. Оқ құланың аяғынан тиіп, ақсатады. Жараланған Ақсақ құла бұрынғыдан да қатуланып, ұрыларды тапауға шығады. Әлсіреген қарақшылар бір шұңқырға түсіп жан сақтамақшы болады. Мұны көріп ашуланған Ақсақ құла айғыр өзінен өрбіген бір үйір тұқымын бастап ұрылардың үстінен тапап өтіп, олар ды жаншып кетеді. Сөйтіп, тұлпар үйірімен жауын талқандап, тыныш өмір сүріпті, — деседі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу