23.08.2021
  147


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақ ата

Жасында Ахметті Ақ ата деген Сайрамдағы бір молдаға оқуға беріпті делінеді. Ол кісінің шашы да, қасы да аппақ болса керек, содан «Ақ ата» атанады. Сол кісі кезекті сабағынан соң балаларға: «Үйге барған соң, Құдайдың көзіне түспейтіндей етіп бір-бір тауық, не қораз сойып әкеліңдер!» деп тапсырыпты. Ертеңіне өзге балалардың бәрі сойылған тауық, қораздарын ұстаздарына беріпті, тек Ахмет қана алып келген қоразын мұғаліміне тірідей беріпті. Мұны көрген Ақ ата неге бұлай болды деп сұрағанда жас бала:


— Ұстаз, кешірім өтінемін. Мен қоразды соя алмадым, себебі мен қай жерге тығылып сойсам да, Құдай көріп тұрған жоқ па? — депті. Сонда Ақ Ата:


— Бәрекелді, Ахметім! Менің өзім де сен туралы осындай бір сырлы құпияны білу үшін істеген едім, — деген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу