Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  146


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ой, сәулем

Айналайын, қарағым, құлыным-ай, ау,
Бауырыңда көп жаттым тығылып-ай, ой, сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!

Шыныменен шын көңіл маған берсең, ей,
Берсей шекер қолыңнан омырып-ай, ой, сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!

Бешпентім бар үстімде, ей тайға алғандай,
Кәдірім бар сәулеме ойға алғандай, ой сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!

Өз елімде мен жақсы болып жүрсем, ай,
Менің сәулем болады бәйге алғандай, ой сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу