Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  179


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Мәз

Баста десең, өлеңнің басы менде,
Тал шыбықтай бұралған жасы менде.
Қара бұлттан қайтарып қар жаудырған,
Шұбарала жайшының тасы менде.

Айт дегенде өлеңді іркілмеймін,
Ақ үкінің жүніндей үлпілдеймін.
Айтар жерім осындай кез келгенде,
Желмей, шаппай азырақ бүлкілдеймін.

Өлең басы болады бірден сабақ,
Үлкендердің алдында жезден табақ.
Ала қаптың ауызын ашқандай ғып,
Жіберемін өлеңді жүндей сабап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу