Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  94


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қыздың әні (6 нұсқа)

Жүгіре шықтым боз үйден жалаң аяқ-ау,
Молдалардың қолында аса таяқ.
Жеті-ай су жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы) -ау.

Асаутайдай бұлқынған қайран басым-ау.
Енді қайтып ұстаймын қазан-аяқ.
Оу, Жетісу, жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы)-ау.

Алып келген базардан шеңгем тозбас,
Өз теңіме бермеген әкем оңбас-оу.
Жетісу жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы)-ау.

Жер соқтырып жаманды кетер едім-ау,
Бұрынғыдан қалыпты бата бұзбас-оу.
Жетісу жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы)-ау.

Жүгіре шықтым боз үйден жылдам басып,
Боз биенің сүтімен жуған шашым-ау.
Жетісу жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы)-ау.
Екі жеңгем таласып өрген шашым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу