Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  175


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қыз бала

Құдайым қызды жан деп-ай, жаратады,
Қайырып қара шашын таратады, таратады қыз бала.
Біреудің әлпештеген-ай баласы едім,
Қолына қандай жанның қаратады, қаратады қыз бала.

Қайырмасы:
Ау!
Дүниеде қыздан сорлы жан бар ма екен,
Кетеді тірі айрылып руынан қыз бала.

Сыртынан ауылымның аса алмадым,
Жайқалтып жапырағын баса алмадым.
Түскенде сен есіме, қайран анам,
Мен жылап өксігімді баса алмадым.

Қайырмасы:
Ау!
Дүниеде қыздан сорлы жан бар ма екен,
Кетеді тірі айрылып руынан қыз бала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу