Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  169


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Құрбым

Айналайын, қарағым, асыл айнам-ай,
Құрбы болып, қанекей, тиген пайдаң, тиген пайдаң, құрбым-ай.
Бұдан артық күтуге еш жайым жоқ-ай,
Ендігісін, жан досым, өзің ойлан, өзің ойлан, құрбым-ай.

Риза болдым сөзіңнің нұсқасына,
Әркім назын айтады тұстасына.
Жараспайды жастарға серттен таю,
Сене тұрып өмірдің қысқасына.

Айдын көлден қаз ұшар қаңқылдаған,
Қанатымен су шашып салқындаған.
Жиырманың он беспен арасында,
Жігіт емес әрнеге талпынбаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу