Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  120


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қоян

А, ей, а, ей-ай.
Көкше қоян келесің құмды жанап,
Сүйел аяқ келеді сені қалап, көкше қоян.

Қайырмасы:
А, ей, а, ей-ай.
Шеңгеліңе бар да кір, байғұс қоян,
Көп шоңқая бермеші бойың балап, көкше қоян.

Көкше қоян секектеп жүрсің саяқ,
Жүрсең саяқ, асықпай, жерсің таяқ.

Қайырмасы:
А, ей, а, ей-ай.
Шеңгеліңе бар да кір, байғұс қоян,
Көп шоңқая бермеші бойың балап, көкше қоян.

Барып едім сөйлесіп сені аяп,
Аласың ба теріңді қанға бояп.

Қайырмасы:
А, ей, а, ей-ай.
Шеңгеліңе бар да кір, байғұс қоян,
Көп шоңқая бермеші бойың балап, көкше қоян.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу