Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  93


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қоңыр көк

Атым мінген астыма қоңырым-ай,
Қолыңнан жедім секер омырып-ай.
Атпен түлкі түсімде соғып жүрмін-ай,
Тұрдым да сол қоңырға жорыдым-ай.

Шашасына шаң жұқпас саңлақ едің,
Шалдыртпай шаршы топта самғап едің.
Тай күнінде-ақ тұлғаңнан үміт етіп,
Қадірге жетеді-ау деп таңдап едім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу