Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  142


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қоңыр гүлім

Етің аппақ көрінер жауған қардан,
Жігіттің арманы жоқ сені алған.
Дариясында мұхиттың сіз қоңыр қаз,
Тоятқа шабыт қылған біз бір тарлан.

Қайырмасы:
А-хау! О-о-о, қоңыр гүлім, ай!
Тоятқа шабыт қылған біз бір тарлан.

Сары алтын он саусағың, маржан білек,
Құдайдан саған қос деп қылдым тілек.
Бір хабар сізден, қалқа, келгенінше,
Тағат қып тұра алмайды біздің жүрек.

Қайырмасы:
А-хау! О-о-о, қоңыр гүлім, ай,
Тағат қып тұра алмайды біздің жүрек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу