Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  90


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қоңыр ән (2 нұсқа)

Бәйгеден озып келген атты айналайын,
Ер жігіт сынамай ма бақ, талайын.
Құрбылар айт деп өзі бұйырған соң,
Құйқытып қоңыр әнге (айнам) мен салайын.

Базарға бұл жібердім көк есекке,
Құрбылар, аманбысың (айнам) көрмесек те.
Құрбылар, айтты екен деп айыптама,
Айтайын мен өлеңді (айнам) білмесек те.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу