Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  121


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қарға-ау

Ей, қарға-ау алтын жүзің айдан аппақ,
Жаныңнан шыға алмадым, ей, қарға-ау, айналақтап-ай!
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Өсірген жұмыртқадай, ей, қарға-ау, таза сақтап-ай!
Ақбас ер, алтын доға, жүргі жона,
Жел тұрса қайысады, ей, қарға-ау, жалғыз доға-ай!
Өзіңнің былқ-былқ еткен мінезіңнен,
Бір сорлы жабысады, ей, қарғам-ау, соған бола-ай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу