Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  91


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қарақ-ай (2 нұсқа)

Омырауыңа жарасқан теңге, тана,
Сен де мені өзіңе тең деп сана.
Ахау, тең деп сана-ай.

Уәдеміз байланса осыменен,
Қуантайық, келіссін енді ата-ана.
Ахау, енді ата-ана-ай.

Асып туған алаштан сымбаттым-ай,
Пұлы жетпес базардың қымбаттым-ай.
Бұл жалғанда арманым болмас еді,
Қосатұғын күн болса саған құдай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу