Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  82


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қаракөз (6 нұсқа)

Қаракөз сөз айтады жылап тұрып,
Көл қылып көздің жасын бұлап тұрып.
Қу кәмшат адыра қалған енді аман бол,
Жібердім жырақ жерге ылақтырып.

Қайырмасы:
Жирен аттың қасқасы,
Сыдырып алған таспасы.
Бірге өлейін деуші едім,
Қу шыбыннан басқасы.
Айдай сәулем, дәурен,
Сәулешім-ай, енді аман бол!

Қу кәмшат адыра қалған енді аулақ,
Келе бер зарлағанда өлең саулап.
Айтқан сөз, алысқан қол арамызда,
Кетсеңші тым болмаса көңіл аулап.

Қайырмасы:
Жирен аттың қасқасы,
Сыдырып алған таспасы.
Бірге өлейін деуші едім,
Қу шыбыннан басқасы.
Айдай сәулем, дәурен,
Сәулешім-ай, енді аман бол.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу