Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  113


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қаракөз (1 нұсқа)

Қолыма бір қамшым бар алтындаған-ай,
Кей жаман ұстай алмай қалтылдаған-ай.
Өзіңді бір көрмесем тұра алмаймын-ай,
Көзіңнен айналайын жалтылдаған-ау.

Көрдім де бір сұлуды болдым ғашық,
Алашқа білдірмедім аузымды ашып.
Жарасқан балшекерге күміс қасық,
Жүрерміз сүйтіп қашан араласып.

Мінгенім дәйім менің сары болса,
Қолымда жетелеген нарым болса.
Армансыз бұл дүниеден өтер едім,
Өзіңдей оймақ ауыз жарым болса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу