22.08.2021
  845


Автор: Асаба (тамада)

Қыз ұзату тойы қоштасу сәті

Ей, уақыт - ай!
Екенсің ғой тым қысқа,
Барады ұқсап кешегі өткен жыл құсқа.
Балалықтың бір базары тарқайма,
Достың қызы шығып жатыр тұрмысқа.

Екі балаң отау құрды, топтасты,
Екі тасқан бір айдынға тоқтасты,
Қыз ұзату тойы дейміз,
Жігіт ше ?
Жігіт бүгін бостандықпен қоштасты.

Салтанатты той үстінде отырмыз,
Айдын-көлде аққу қаздай отыр қыз.
Қос першіте көрінеді көзіме,
Біздер - пенде, қарапайым топырмыз.


Біледі ғой қимастықтың өлшемін –
Әке болып, Ана болып көрсе кім ?
Өз қолымен өзі үзіп бергендей,
Жүрегінің ең қажетті бөлшегін.

Кірбің басса не амал бар жүзіңді,
Баса апмайсың
Басыңдағы ызыңды,
Тап осындай той-даңғаза соңында
Әкетерме сенің де ертең қызыңды?!

Қуан, достым, өлең сөзге болма алаң,
Қызым түгіл, ұлымды ойлап қозғалам.
Қыз ұзайма, әлде жігіт... Кім білсін?!
Не десең де, күйеу балаң - өз балаң.

Тойдағылар,
Қане сап, сап, тыныштал.
Біз дайынбыз,
Ей, асаба, дұрыстал.
Жас жұбайлар махаббатын бекітіп
Шампан шашып,
Қоңырай соқсын хрусталь.
Соқсын, соқсын,
Шампан толған хрусталь.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу