22.08.2021
  1140


Автор: Асаба (тамада)

Нәрестеге әдемі тілек

Нәрестеміз өмірлі болсын,
Тұрмысы оның көңілді болсын!
Ата-анасына мейірлі болсын!
Ағайын-туысқа пейілді болсын!
Өнеге-білімге зейінді болсын!
Тұла бойы тұнған өнер болсын,
Он саусағы майысқан шебер болсын!
Ел қорғайтын батыр болсын,
Шындық айтар ақын болсын!
Ел билейтін әкім болсын,
Әділдікке жақын болсын!
Халқым деген жүрегі болсын,
Жұртының қамқор тірегі болсын!
Абыройы өрлесін,
Ел алдында ерлесін!
Қазақ үшін терлесін
Еш жамандық көрмесін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу