Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  123


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Күнім-ай (2 нұсқа)

Сарғайып сары көлде қамыс қалды, күнім-ай,
Ауылы бауырымның алыс қалды, күнім-ай.

Қайырмасы:
Күнде базар күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.

Әуелден қыз болғанша, қаз болсамшы, күнім-ай,
Сыңқылдап айдын көлде табысқандай, күнім-ай.

Қайырмасы:
Күнде базар күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.

Дүниеде не мұңдық, қыздар мұңдық, күнім-ай,
Шешеден болып мұңдық неге тудық, күнім-ай.

Қайырмасы:
Күнде базар күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.

Шешеден болдым мұңдық тумас едік, күнім-ай.
Бұрынғы үлкендердің жолын қудық, күнім-ай.

Қайырмасы:
Күнде базар күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу