Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  132


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Күләй

Зарлансам, даусым жетпес Күләйіма,
Әйел теңдес келмейтін ұнамыңа.
Қайықтай төңкерілген қара керім,
Басқаның бермес едім қылаңына, әй, Күләй.

Қайырмасы:
У-ай, дүния-ай,
Күн-ай, Күн-ай,
Гүлі-гүлі-гүлі-гүлі, а-ай,
Зарықтым, тарықтым, ой-ой, Күләй.

Кетпейді Күләй даусың құлағымнан,
Жерімнің бара алмадым жырағынан.
Жау шығып дос дегенім арадағы
Айырылдым зарығумен шырағымнан.

Қайырмасы:
У-ай, дүния-ай,
Күн-ай, Күн-ай,
Гүлі-гүлі-гүлі-гүлі, а-ай,
Зарықтым, тарықтым, ой-ой, Күләй.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу