Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  145


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Көлде үйрек

Құрметті бізден сәлем-ай, бұраң белге-ау,
Шалғында құс қонатын-ай, айдын көлге, көлде үйрек-ай.
Түскенде сен есіме-ай, беу қарағым,
Көзімнен үйрек жүзер-ай, аққан селге, көлде үйрек-ай.

Қалқатай, бір баласың бұлаңдаған,
Паңдықтан аяқ басып тұра алмаған.
Бейне бір ақша бетің туған айдай,
Көрген жан тағат қылып тұра алмаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу