Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  101


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Келіншек (1 нұсқа)

Алдында есігімнің қамыс пішен,
Япыр-ау, қыз күніме қашан түсем-ау.
Жаманды жер соқтырып кетер едім-ау,
Сен болдың аяғыма болат кісен.

Алдында есігімнің томар толмас,
Қоспаған өз теңіме әкем оңбас-ау.
Жаманды жер соқтырып кетер едім-ау,
Атамның ақ батасын бұзып болмас.

Ау! Ау-ай!
Қоя ғой, бөпем,
Жылама, бөпем, әлди-ау




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу