Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  146


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Кәмшат бөрік (3 нұсқа)

Қалам алып хат жаздым мен қиялдап,
Бүркіт салған жүреді тау қиялап.
Жапан түзге сіз біткен бір бәйтерек,
Бұтағына жүрмесін қарға ұялап.

Қайырмасы:
Кәмшат бөрік қыз болды-ай,
Қара жол ма дегенім.
Шұбырынды із болды-ай,
Ала жаздай нәр татпай,
Іздегенім сіз болды-ай.

Алтыным-ай дегенге алтыным-ай,
Ақ дидарын көргенде балқыдым-ай.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Сәу-саламат жүрмісің, жарқыным-ай?

Қайырмасы:
Кәмшат бөрік қыз болды-ай,
Қара жол ма дегенім.
Шұбырынды із болды-ай,
Ала жаздай нәр татпай,
Іздегенім сіз болды-ай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу