Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  136


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Кәмшат бөрік (1 нұсқа)

Алдымнан қарсы келдің, Ханзада қыз,
Көркіңе Құсни-жамал таң қаламыз-ай.
Ғалімдер әулетінен болсаң керек,
Иншалла, фахим етіп аңғарамыз-ай.

Қайырмасы:
Ау, ой, еркем,
Ау, ой, еркем!
Үкілі кәмшат бөркің-ай,
Туған айдай көркің-ай,
Былқ-сылқ еткен күлкің-ай.
Ой, білсең біл, білмесең қой,
Мені де өлер деймісің,
Ау, шіркін-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу