Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  114


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Заман-ай (1 нұсқа)

Еріккенде шығам деп тау басына,
Салып алдым сақина сау басыма, заман, ай.
Сені қиып кете алмай, қарағым-ай,
Көпшіліктің қалдым ғой табасына, заман, ай.

Тауға біткен мен бір түп шынар едім,
Өнеріммен еліме ұнап едім.
Бүгін, міне, дәм айдап кезің келді,
Сырласуға өзіңмен құмар едім.

Астымдағы мінгенім күрең дөнен,
Таудан түлкі қашады сүмеңдеген.
Үш ұйықтасам ойымда бар ма менің,
Қалқам, сенен айрылып жүрем деген




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу