Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  113


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жігіт әні

Сөйлейін сөйле десең ырғаңдатып,
Шоқ тағар кейбір маңғаз сұлғаңдатып,
Төрт бөліп түн ұйқысын жүрген жігіт,
Жүрмей ме әрбір елдің дәмін татып, ай-ай.

Қайырмасы:
А-хау! Хай-лә-лі, хай-лә-лі, хай-лә-лі
Ләй-лім хай ләу-хай, ләу ха-ла-ла-ла,
Ләй-лім о-ха-хау, а-ри-ләй, ау, о-ха-ха
А-ей ха-ла-лау, хай-лә-лі лә-лә-й лә-ләй.

Қыз мінген қызыл аттың жорғасындай,
Басайын келсе даусым ырғаңдатып.
Ей! Жақсы қыз қырдың қызыл түлкісіндей,
Ойнасаң ебін тауып құрбылатып, ай-ай.

Қайырмасы:
А-хау! Хай-лә-лі, хай-лә-лі, хай-лә-лі
Ләй-лім хай ләу-хай, ләу ха-ла-ла-ла,
Ләй-лім о-ха-хау, а-ри-ләй, ау, о-ха-ха
А-ей ха-ла-лау, хай-лә-лі лә-лә-й лә-ләй.

А-хау, болғанда қыздар түлкі, жігіт мерген,
Ер жігіт аңдығанын алмай ма атып.
Өзіңе анық ерік бермесе де,
Құрбыңа қадыр білер ақылдасып, а-ай.

Қайырмасы:
А-хау! Хай-лә-лі, хай-лә-лі, хай-лә-лі
Ләй-лім хай ләу-хай, ләу ха-ла-ла-ла,
Ләй-лім о-ха-хау, а-ри-ләй, ау, о-ха-ха
А-ей ха-ла-лау, хай-лә-лі лә-лә-й лә-ләй.

Сұлумен өзің сүйген өмір етіп,
Аузынан сол сұлудың өмір татып.
Жеңгемен қадір білер болсаң тату,
Аларсың сол сұлуды жақындатып, а-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу