![]() |
|
![]() |
Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.08.2021
56

Жеңеше-ай (2-нұсқа)
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге, жеңеше-ай,
Сіздей адам табылмас ексем жерге, жеңеше-ай.
Күн батар мен ымырттың арасында, жеңеше-ай,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге, жеңеше-ай.
Қайырмасы:
А-ей, жеңеше-ай,
Осылай әнім өзгеше-ай.
Айдап салдым жылқымды ақуданға, жеңеше-ай,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, жеңеше-ай.
Шын көңілімді тартасың алтындай-ақ, жеңеше-ай,
Ақ білегің сыбанып нар сауғанда, жеңеше-ай.
Қайырмасы:
А-ей, жеңеше-ай,
Осылай әнім өзгеше-ай.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |