Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  101


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ғазиза

Алманың қол сермедім ағашына,
Көз жетіп, алтын, гауһар, Ғазиза-ау, қалқа-ай, бағасына-ай!
Асыл деп арғымаққа қол артып ем,
Қалдырма дұшпандардың, Ғазиза-ау, қалқа-ай, табасына-ай!
Алқызыл әсем тоты ұшар сайдан,
Ақ тұйғын қуып жетер, Ғазиза-ау, қалқа-ай, әлдеқайдан-ай!
Қосылып екі ғашық біз кетейік,
Тәуекел істің арты, Ғазиза-ау, қалқа-ай, бір құдайдан-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу