21.08.2021
  652


Автор: Асаба (тамада)

Толық сәтсіздік

Ерте заманда бір Хан болыпты. Оның Ханшасы перзент сүйе алмай жүреді екен. Ханша құрсақ көтерем деп, бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Күндердің күнінде ол бір балшыға барып, бал аштырады. балшы ханшайымға:
- Ханша! Сіз Ханға ұрпақ әкеле аласыз. Бірақ ол үшін арманы жоқ қатынды тауып, оның киіп жүрген дамбалын киюіңіз керек – депті.
Көңіліне үміт ұялаған Ханша нөкерлерін ел аралатып, арманы жоқ қатынды табуды бұйырады. Нөкерлер аяқтарынан сүрлігіп, ауыл - қалалардың бәрін аралайды, бірақ арманы жоқ қатынды таба алмайды. Барлық қатындардын арманы бар болып шығады.
Күдерін үзіп, Хан сарайына қайтып келе жатқан нөкерлер, жол жағасында аяғы тілім-тілім болып, күн астында шаңқай түсте тезек жинап жүрген бір бейшара әйелді байқайды.
- Әй, қатын! Сенің арманың бар ма? – деп сұрайды одан нөкерлер.
- Арман мені не қылсын. Менің еш арманым жоқ. Тезегімді терсем болды, – деп жауап қайтарыпты әлгі қатын.
Нөкерлер ол қатынды жедел түрде Хан сарайына жеткізіпті. Ханша алдына кірер алдын нөкерлер қатынға:
- Бүгін сенің бағың жанды! Қазір сен Ханшаға жолығасың, оған өзіңнің дамбалыңды бересің, Ханша Ханға перзент туады. Содан соң Ханнан оның байлығының жартысын сұрасаң да, ол саған сөзге келмей береді - депті.
Сөйтсе әлгі қатын өксіп-өксіп жылап отыр екен дейді.
- Осындай сәтті күні неге жылайсын, қуанбайсын ба? – деп сұраған нөкерлерге:
- Жыламай қайтейін! Армандайын десем арманым жоқ, берейін десем дамбалым жоқ – деген екен сорлы қатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу