21.08.2021
  759


Автор: Асаба (тамада)

Жиырма минут сайын

Шымкенттіктердің шешеден сыбап сойлегені оларға әдет болып кеткені баршамызға мәлім.
Бір күні шымкенттік кісілер Көкшетауға құда түсіп, келінді алып келуге барыпты.
Табиғаты керемет көркем де әсем Бурабайды екі-үш күн аралап, құдаларымен құдалық рәсімдердің бәрін атқарыпты. Әке-шешесінің батасын, рұқсатын алып, Оңтүстік өніріне келін болып кетіп бара жатқан қызын қимай ана байғұс қайта-қайта бетінен сүйіп:
- Алыс жаққа келін болып кетіп бара жатырсың, айналайын қызым, жол алыс, хабарласып тұр, шешенді ұмытып кетпе, шешенді ұмытып кетпе... – деп қайта-қайта айта берсе керек. Сол кезде құдасы:
- О, не дегеніңіз құдағи! Біздің Шымкентте күйеу балалар әр бір жиырма минут сайын келіндерге «шешелерін» есіне салып тұрады! – деп жұбатқан көрінеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу